Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО)

    Өндірістегі цифрлық трансформация: «Қазақмыс» жаңа жүйелерді таныстырды

    Өндірістегі цифрлық трансформация: «Қазақмыс» жаңа жүйелерді таныстырды

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазғанға жұмыс сапары барысында компанияның өндірістік және әкімшілік алаңдарын, сондай-ақ ахуалдық орталықты аралап, цифрлық мониторинг және өндірістік бақылау жүйелерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ахуалдық орталықта компания басшылығына кеннің келуі мен өңделуінен бастап концентраттың шығарылуы мен жабдықтың жүктелуіне дейінгі өндірістің негізгі үдерістерін нақты уақыт режимінде қадағалайтын цифрлық платформаның мүмкіндігі көрсетілді.

    Өндірістік нысандағы позициялау және бейнебақылау жүйелеріне ерекше көңіл бөлінді. Диспетчерлік орталықтың экранында шахталар, өндірістік алаңдар, техника мен қызметкерлердің қозғалысы бейнеленеді. Жүйе нысандағы жағдай туралы жедел ақпарат алуға және бөлімшелердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.

    Руслан Өскенәлі кәсіпорынның диспетчерлік қызметін аралап, тәулік бойы ұйымдастырылатын кезекшілік барысымен танысты және компанияның бірқатар бөлімшелерінің ұжымымен кездесті.

    Сапар қорытындысында Басқарма төрағасы өндірісте цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту мен бейнебақылау жүйесін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Компания өндірістік бақылаудың тиімділігі мен нысандардағы мониторингтің жеделдігін арттыру үшін техникалық инфрақұрылымды жаңарту жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →