Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі •

    Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізуге ниетті — Режеп Тайип Ердоған

    Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізуге ниетті — Режеп Тайип Ердоған

    Фото: Ақорда

    Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізу ниетін растады. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    — Сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға дейін жеткізу мақсатымызды растадық. Осыған орай біз 15 сәуірде Астанада өткен Бірлескен экономикалық комиссиямыздың 14-отырысында қабылдаған іс-шаралар жоспарын іске асырудың маңыздылығын атап өттік. Біз компанияларымызды инвестиция мәселесінде де ынталандыра береміз. Бизнес форум сынды іскерлік ортаны біріктіретін іс-шараларға айрықша мән беремін. Бүгін біз сондай форумның жабылу рәсіміне қатысамыз. Келіссөз барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық та маңызды тақырыптардың бірі болды, — деді Режеп Тайип Ердоған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →