Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді •

    Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады

    Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады

    Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Кездесу барысында Қазақстанда толық өндірістік цикл жолға қойылған мақта-мата кластерін жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

    Президентке жобаның импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтып, ішкі нарықты бәсекеге қабілетті отандық өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.

    Чжан Цихай Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінде бірнеше нысан, соның ішінде екі мақта өңдеу зауыты қолданысқа берілгенін айтты.

    Таяу жылдары синтетикалық мата материалдарын, тоқыма және киім өндіретін нысандарды іске қосу жоспарланып отыр.

    Жобаны жүзеге асыру арқылы мақта егістігін 52 гектарға дейін ұлғайтуға болады. Егін шаруашылығына цифрлық технологиялар мен тамшылатып суару секілді инновация пайдаланылады.

    Мақта-мата кластерінің алғашқы кезеңінде 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.

    Мемлекет басшысы кластер еліміздің оңтүстік өңірінде агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

    Президенттің пікірінше, жергілікті тұрғындар арасынан білікті маман даярлау ісіне мән беру керек.

    Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдаланудың өзектілігіне назар аударды, сондай-ақ мақта өндірісінің шығынын ескере отырып, аталған салаға «ақылды» цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізуді құптады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →