Елімізде жыл басынан бері 44 бала терезеден құлап кеткен

Фото: pixabay

Қазақстанда жыл басынан бері 44 бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды  QazaqToday.info ақпараттық порталы. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, оның 4-еуі көз жұмған. Әсіресе оқыс жағдай Атырау, Маңғыстау облыстарында және Астанада жиі болатынын атап өтті.

«Атырау облысында – 13, Астана қаласында– 8, Маңғыстау облысында –4 бала құлап кеткен», – дейді министрлік.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:

  • балаларды қараусыз қалдыру;
  • жауапкершілікті үлкен балаларға жүктеу;
  • терезелерде қорғаныш құрылғыларының болмауы;
  • терезе маңында баланың өздігінен шығуына мүмкіндік беретін жиһаздың орналасуы;
  • москит торларын сенімді қорғаныс ретінде қате қабылдау.

Министрлік ата-аналарға балаға мұқият қарау қажеттігін ескертті.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика