Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы облысындағы іздеу аяқталды: 14 жастағы қыз аман-есен

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 24 сәуірде жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Оны іздеуге еріктілер де қатысқан.

    Алматы облысындағы іздеу аяқталды: 14 жастағы қыз аман-есен
    file_867.jpg

    Алматы облысында бірнеше күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы іздеу жұмыстарына атсалысқан еріктілер хабарлады. Жасөспірім 24 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған болатын.

    Оны іздестіруге полиция қызметкерлерімен бірге еріктілер тобы да жұмылдырылды. Алайда, қыздың қандай жағдайда және қай жерден табылғаны әзірге нақтыланбады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →