Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Нұржан Батырбеков жағажай Азиадасының алтын жүлдесі үшін күреседі

    Нұржан Батырбеков жағажай Азиадасының алтын жүлдесі үшін күреседі

    Фото: ҚР ҰОК

    Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсудан белдесулер жалғасып жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    ҚР ҰОК мәліметінше, соңғы жарыс күнінде үш отандасымыз финалдық кезеңге өтті.

    Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лимді жеңді. Осылайша қазақстандық джитсер ақтық сында оңтүстіккореялық Ли Джэёнмен өзара мықтыны анықтайды.

    Дәл осы салмақта Әлинұр Қуатұлы жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Арген Абдыманаповты жеңді. Енді жерлесіміз қола жүлде үшін өтетін айқаста сингапурлық Ноа Тянь Рун Лиммен күш сынасады.

    Болатбек Сейілхан 77 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джеунға жол берді. Осылайша ол қола медаль үшін өтетін белдесуде Сингапур өкілі Пол Тянь Чжи Лиммен кездеседі.

    Дәл осы салмақта Адлан Мадаев жұбаныш белдесуінде Пол Тянь Чжи Лимнен (Сингапур) жеңіліп қалды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →