Фото: ҚазМұнайГаз
Қазақстандық өнімдер алғаш рет Румыниядағы KMG International компаниясына тиесілі жанармай құю станцияларында пайда болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Бүгінде Rompetrol желісіндегі АЗС-терде Made in KZ белгісімен шығарылған кондитерлік өнімдер, шай және өзге де тауарлар ұсынылуда.
Жоба отандық брендтерді халықаралық нарыққа ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейту мақсатында жүзеге асырылған.
Пилоттық кезең аясында тұтынушылар сұранысы мен талғамы зерделенеді. Нәтижелер оң болған жағдайда, өнім түрлерін кезең-кезеңімен көбейту және жобаны Румыниядағы, сондай-ақ жақын шетелдердегі Rompetrolжанармай бекеттерінің бүкіл желісіне тарату жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда қазақстандық тауарлар 24 жанармай құю станциясында қолжетімді.
