Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде

    Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

    Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

    Фото: Ақорда

    Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді. Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.

    Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов,  Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсон, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →