Қазақ әдебиеті ауыр қазаға ұшырады: Мұхтар Шаханов қайтыс болды

Белгілі ақын, жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 82 жасында өмірден озды. Бұл қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Соңғы апталарда ақынның денсаулығы нашарлап, ауыр халде жатқаны хабарланған еді. Бұған дейін ақын атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ оның жансақтау бөліміне түскенін жазған болатын. Жақындары да Мұхтар Шахановтың денсаулығында кінәрат барын айтқан.

Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі. Оның шығармалары өткір азаматтық ұстанымымен және қоғам үшін маңызды тақырыптарды қозғауымен ерекшеленді.

Қазіргі уақытта әріптестері мен жұртшылық ақынның отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика