Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Үнді мұхитында 250 адам із-түзсіз жоғалып кетті

    Үнді мұхитында 250 адам із-түзсіз жоғалып кетті
    Фото: Press Agency/Global Look Press

    БҰҰ-ның босқындар және көші-қон ісі жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес, Андаман теңізіндегі қайық апатынан кейін 250 мигрант із-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың арасында балалар да бар. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    BBC жазуынша, Бангладештен шығып, Малайзияға бағыт алған траулер қатты жел, теңіздегі дауыл және шамадан тыс жүктелуі салдарынан суға батып кеткен деген болжам бар. Қайықтың нақты қашан аударылғаны белгісіз, 9 сәуір күні Бангладеш туымен жүрген кеме тоғыз адамды аман алып қалған. Жағалау күзетінің дерегінше, олар бөшкелер мен ағаш қалдықтарына жармасып тұрған.

    Мьянманың ең ірі этникалық азшылықтарының бірі саналатын рохинджа өкілдерінің жүздеген мың адамы 2017 жылғы қуғын-сүргіннен кейін Бангладешке қашып өткен. Олар негізінен мұсылмандар болып саналады.

    Оқиғадан аман қалғандармен тілдескен жағалау күзеті қызметкерінің сөзінше, босқындар 4 сәуірде Бангладештен Малайзияға жолға шыққан. 7-8 сәуір күндері дауыл тұрған.

    Босқындар лагерлеріндегі ауыр жағдай салдарынан рохинджа өкілдері Малайзияға ағылады. Олар діттеген бағытқа жетудің қауіпті жолдарын іздеуге мәжбүр. Бұл ретте олар Малайзияны өмір сүруге қауіпсіз ел деп санайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →