Батыс Қазақстанда мектеп автобусы жол апатына ұшырады

Фото: тұрғындардан

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ауылында жол-көлік оқиғасы болды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға жөнінде бүгін сағат 14.00-да хабар түскен. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолында маршруттық жолаушылар автобусы мектеп автобусын арт жағынан соққан. Салдарынан мектеп автобусы алда тұрған Ford Galaxy автокөлігімен түйіскен.

– Жол апатынан зардап шеккендер, соның ішінде жасөспірімдер бар. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобустың жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика