Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды • Қазақстан Азиада-2026-да 64 медальмен тоғызыншы орында • Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арнайы курсқа жіберу керек • Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайта жолданды • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды • Қазақстан Азиада-2026-да 64 медальмен тоғызыншы орында • Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арнайы курсқа жіберу керек • Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайта жолданды •

    Жас ғалымдар дәуірі: еліміздегі 25 мың ғалымның жартысы 40 жасқа дейінгі зерттеушілер

    Жас ғалымдар дәуірі: еліміздегі 25 мың ғалымның жартысы 40 жасқа дейінгі зерттеушілер

    Қазақстанда ғылым мен білім саласын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өтіп, ғылыми әлеуетті күшейтудің стратегиялық маңызын ерекше көрсетті. Бүгінде елде 25 мыңнан астам ғалым жұмыс істейді, олардың жартысы – 40 жасқа дейінгі жас зерттеушілер, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Соңғы жылдары елімізде академиялық адалдық, ғылыми жобаларды дамыту, сондай-ақ шетелде білім алған мамандарды елге қайтару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл үрдіс «brain gain» қағидаты аясында жүзеге асып, отандық ғылымның сапасын арттыруға ықпал етуде.

    Осы бағытта Nazarbayev University маңызды рөл атқарып келеді. Университет қабырғасында заманауи зертханалар ашылып, жас ғалымдарға ғылыми ізденіс жүргізуге қолайлы жағдай жасалған. Мұнда мыңдаған қазақстандық жас зерттеуші жұмыс істеп, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысуда.

    Ғылыми іс-шаралар мен конференциялар да ғылымды дамытуға серпін беруде. Онда цифрлық технологиялар, инженерия, жасанды интеллект және энергетика салаларындағы жаңа жобалар таныстырылып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі артады.

    Жалпы, Қазақстанда ғылымды дамытуға бағытталған кешенді шаралар өз нәтижесін беріп келеді. Сарапшылардың пікірінше, жас ғалымдарды қолдау мен ғылыми инфрақұрылымды дамыту елдің инновациялық әлеуетін арттырып, болашақта экономиканың тұрақты өсуіне негіз болады.

    Еске салайық, жуырда мемлекет басшысы елдегі ғылым саласын өткір сынға алған еді. Онда теория мен тәжірибенің бір-бірімен ұштаспайтынын, ал қаржы бөлінген ғылымның ешқандай нәтиже бермей жатқанын ашық айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →