Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр •

    Тоқаев: Ильинский Қазақстанды әлемдік брендке айналдырды

    Ақордада өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийдің қазақ альпинизмін әлемдік брендке айналдырғанын атап өтті.

    Тоқаев: Ильинский Қазақстанды әлемдік брендке айналдырды
    file_737.jpg

    Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге ең жоғары ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін айтып, оның еңбегіне жоғары баға берді.

    «Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тәжірибелі шыңға өрмелеуші, халықаралық турнирлердің жеңімпазы ретінде дүние жүзіне даңқыңыз жайылды», – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийдің Эвересті бағындырып, беделді «Жеті шың» клубына мүше болған алғашқы қазақстандық екенін еске салды. Сонымен қатар оны еліміздегі альпинизм мектебінің негізін қалаушы ретінде атап өтті.

    «Отандық мектеп Қазақстанның жаһандық брендіне айналды. Талап пен тәртіпті қатар қоятын талантты бапкерден бір шоғыр альпинист-спортшылар тәлім алды. Бапкерлікпен шұғылданған уақыт ішінде жүзден астам спорт шеберін даярладыңыз», – деді Тоқаев.

    Президенттің айтуынша, Ильинскийдің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы әлемде бірінші болып биіктігі 8 мың метрден асатын барлық 14 шыңға шыққан. Бұл – альпинизм тарихындағы бірегей жетістік.

    Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →