Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты • Ғалия Адамбай күйеуінің «төребекшілдік» ұстанымы туралы мәлімдеме жасады • Аида Қауменованың отбасында қайғылы жағдай болды • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты • Ғалия Адамбай күйеуінің «төребекшілдік» ұстанымы туралы мәлімдеме жасады • Аида Қауменованың отбасында қайғылы жағдай болды •

    Путин олигархтардан соғысты қаржыландыру үшін бюджетке «ерікті жарна» салуды ұсынды

    Ресей президенті Владимир Путин олигархтардан соғысты қаржыландыру үшін бюджетке «ерікті жарна» сұрады. Кәсіпкер Сүлейман Керимов 100 млрд рубль беруге бірден келіскен.

    Путин олигархтардан соғысты қаржыландыру үшін бюджетке «ерікті жарна» салуды ұсынды
    file_736.jpg

    Ресей президенті Владимир Путин ірі бизнесмендермен жабық кездесу өткізіп, оларға Украинамен соғысты қаржыландыру үшін бюджетке «ерікті жарна» салуды ұсынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    The Bell басылымының дереккөздеріне сәйкес, бұл ұсыныс Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының съезі аясында өткен бейресми жиында айтылған.

    Басылымның сұхбаттастары Ресей президентінің сөзін «соғысамыз деді» және «Донбасс шекарасына дейін барамыз» деп сипаттаған.

    Дереккөздердің айтуынша, бұл бастама «Роснефть» басшысы Игорь Сечинге тиесілі. Ол кездесу қарсаңында Путинге хат жолдап, «елге қиын-қыстау заманда бизнесті сілкілеп алу» идеясын ұсынған. Қаражат тарту тетігі ретінде әскери федералдық қарыз облигацияларын шығару жолы талқыланған.

    The Bell басылымына екі дереккөз кәсіпкер Сүлейман Керимовтің бұл өтінішке бірден келісіп, бюджетке 100 миллиард рубль бөлуге уәде бергенін растады. Басылымның жазуынша, аты-жөні аталмаған тағы бір ірі кәсіпкер де Путиннің ұсынысын қолдаған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →