Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды •

    Алматыдағы жол апатынан мерт болған марқұмдардың отбасына біреулер сес көрсеткен

    Алматыдағы жол апатынан мерт болған марқұмдардың отбасына біреулер сес көрсеткен

    Фото: Әлеуметтік желіден

    21 наурыз күні Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адам көз жұмды. Осы оқиғадан кейін Мұрат Әбенов сол көшелерге шығып тұрып, жүйіткіген көліктерге полиция көз жұма қарайтынын айтқан еді. Бүгін ол отбасына әлдекімдердің келгенін, олардың шошып қалғанын және сондықтан олардың тергеудің әділ өтетініне күмәнданғанын айтты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Депутат Мұрат Әбенов марқұмдардың отбасындағылар неліктен тергеу барысына күмәнмен қарағанын айтты.

    «Қылмыс бойынша тергеу ашықтығы қаншалықты әділетті болатынына күмәндерін айтып жеткізді. Олардың үркіп-шошып жатқаны — бұл отбасына біреулер хабарласып, мекенжайын қайдан алғаны белгісіз келіп, күш көрсетпесе де, өздерінің мүмкіндіктерін байқатып, күзетпен келген. Солар осыдан соң күмәндерін білдірді. Маған хабарласты. Содан кейін мен істі қолға алып, дәл Сейфуллин және Әл-Фараби көшелеріне барып көрдім. Тікелей эфирге шығып бірден сын айтып, полицияны сынасам, маған бір полиция қызметкері келіп «ондай емес қой, бәрін бақылап отырмыз» деп айтып тұрды», — деді Мұрат Әбенов. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →