Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Танымал адамдардың парақшасын кім бұғаттап жүр? Ішкі істер министрінің орынбасары жауап берді • Шетелде қылмыс жасаған қазақстандықты қай ел соттайды? ІІМ түсіндірді • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Танымал адамдардың парақшасын кім бұғаттап жүр? Ішкі істер министрінің орынбасары жауап берді • Шетелде қылмыс жасаған қазақстандықты қай ел соттайды? ІІМ түсіндірді • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті •

    «Өткір, тиянақты, қиялшыл»: Света Айтбаева балаларының мінезін сипаттады (ВИДЕО)

    «Өткір, тиянақты, қиялшыл»: Света Айтбаева балаларының мінезін сипаттады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Димаштың ата-анасы, жұлдызды жұп Қанат және Света Айтбаевтар Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында қонақ болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    33 жыл отасқан жұп отбасы құндылықтары туралы ой бөлісті.

    Өнер иелері әр баланың мінезі әртүрлі болатынын, бірақ дұрыс тәрбие бәріне ортақ негіз қалыптастыратынын айтты.

    — Үш баламыз бар. Димаш, Раушан, Әбілмансұрдың өмірге көзқарасы ұқсас болғанымен, мінезі әртүрлі. Димаш — өткір, қайсар, жүрегі жұмсақ. Раушан — тиянақты, жауапкершілігі жоғары. Мансұр — қиялшыл, кітапқұмар. Үшеуі үш бөлек болғанмен, бауырмал. Ең бастысы — баланың жүрегіне бауырмалдық пен адамгершілікті сіңіру, — деді Қанат Айтбаев.

    Сонымен қатар әнші тәрбие берудегі еркіндік пен тәртіптің тепе-теңдігі жайлы айтты.

    — Қытай халқында «бала кішкентай кезінде қателік жасаса, ол ата-ананың кемшілігі» деген ұғым бар. Баланы жүгенсіз өсіруге болмайды. Қазақ тәрбиесі де осыған негізделген. «Әкең келе жатыр» деген сөздің өзі тәртіптің белгісі. Баланы шектен тыс еркіндікке жібермей, бағыт-бағдар беріп отыру қажет, — деді ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →