Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Жағымпаз, жүрегің қан жылайды»: тарихшы Жұмамұрат Шәмші ғалымдарды сынға алды (ВИДЕО)

    «Жағымпаз, жүрегің қан жылайды»: тарихшы Жұмамұрат Шәмші ғалымдарды сынға алды (ВИДЕО)

    Бүгінгі ғалымдар шетінен жағымпаз. Тіптен жасы егде тартқан ақсақалдарға дейін күн көріс үшін әкімдер мен билік адамдарының алдында жорғалап кетеді. Академиктердің ақсақалдық сиқы жоқ. Олар шындықты айтуға қауқарсыз, керісінше шетінен жасық, әрі жағымпаз. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері, тарихшы Жұмамұрат Шәмші Qasqa Jol ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хаабрлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Белгілі қоғам қайраткері, тарихшы Жұмамұрат Шәмші зиялы қауым өкілдерін сынға алып, олардың жасықтығынан, бас пайдасын ойлаудан ары аса алмауларынан қоғамның зардап шегіп жатқанын айтты.

    «60 жастан асып, 70-ке, 80 жасқа келіп жатқан ғалымдарымыз бар. Қазақта ақсақал атану авторитет еді. Бізде академиктер, ғалымдар бар университетте сабақ беретін, ғылыммен айналысқан. Ақын-жазушылар бар. Солардың кемшіліктерін байқаймын. Мысалы, Евразия университетінде Астананың сол кездегі әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу ұйымдастырылды. Залда алдыңғы қатарда Қойшығара Салғарирн, Ғарифолла Есім сынды академиктер отырды. Бір кезде әкім кіріп келіп еді, бәрі жүгіріп оның алдынан шықты. Мен академиктерді тоқтаттым. Екінші қатарда отырғам, айттым, жас баланың алдынан ақсақал жүгіріп шықпайды қол қусырып, тоқтаңдар дедім. Сол кезде ғалымдар кері қайтты, тоқтады. Әкім өзі келді, амандасып. Қай заманда Төле би, Қазыбектер сол уақыттағы басшыларының алдынан атып шығып еді жүгіріп?», — деді қоғам белсендісі.

    Qasqa Jol ютуб арнасына сұхбат берген қоғам белсендісінің сөзінше, ғалымдар шындықты бүкпесіз айтқанның орнына көзге түсіп, жағымпазданғысы келіп тұрады. Қоғамның дертіне айналған проблемаларды ашық айтуға қауқарсыз. Олар үшін қазақтың мүддесінен жеке бас пайдалары, ай сайынғы табыстары артық. Білімді, атағы бар, аты шыққан адамдарда проблеманы тайсалмай айтатын мінез жоқ.

    «Тағы бір мысал, өткен жылы мамырда Алматы қаласында әкім ауысты. Досаев кетіп, орнына Дархан Сатыбалды тағайындалды. Содан қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған күні Смағұл Елубай, Бейбіт Қойшыбай деген жазушылар, тарихшылар Дархан Сатыбалдының алдынан шауып шығып, қол қусырып, жас жігітке өздері барып амандасып жатыр. Бүгінгі күннің академиктерінің сиқы осындай, жүрегің ауырады қарап тұрып. Жағымпаз, жүрегің қан жылайды. Аузы дуалы ақсақал болу керек, жүгіріп кім көрінген әкімге жағымпаздана бермей, кешірерсіз. Сен керісінше жасыңа сай әңгіме айтуың керек.

    Академик-профессорлардың тағы бір кемшілігі бар. Олар тек сайрай береді, басқаларды тыңдамайды. Монолог болмау керек, диалог болу керек. Қарсыласты да, алдыңдағы адамды да тыңдай біл. Футболдағы командалық ойын секілді, пас беру секілді басқаларға да сөз беріп, пікірлерін тыңдай білу керек. Мен академиктерге осы кемшіліктерін айттым.
    Сосын жасы біразға келген осы академиктерге, — неге пікірлеріңізді қоғамға ашық білдірмейсіздер? деп сұраймын ғой. Олар, — айтсақ бізді ертең жұмыстан қуып жібереді, зейнетақымыз жетпей, аш қаламыз, — дейді. Айтарыңды айтып қал, айта алмайсың қайтып келіп, мына өмірде барды бар қылып айту керек, аш қалам деген пікірден арылу керек. Мінез жоқ. Мінез болмаған соң бәрі бекер. Төбетті қанша жетелесеңде қораға үрмес деген. Мінез болмаған соң бәрі бекер», — деді Жұмамұрат Шәмші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →