Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты

    Таяу Шығыстағы тұрақсыздық салдарынан мұнай бағасы көтеріліп, акциялар құлдырады

    Таяу Шығыстағы тұрақсыздық салдарынан мұнай бағасы көтеріліп, акциялар құлдырады

    Фото: EPA

    АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейін Brent маркалы мұнайдың баға­сы биржадан тыс саудада 10%-ға өсіп, шамамен баррелі 80 долларға жетті.  Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «Әскери шабуыл мұнай бағасын қолдап отырса да, шешуші фактор Ормуз бұғазының жабылуы. Біз демалыс күндерінен кейін баға барреліне 100 долларға жақынболады деп күтеміз және егер су жолы жабық күйде қалса, одан асып кетуі мүмкін», – деді ICIS аналитикалық компаниясының өкілі Аджай Пармар.

    RBC және Barclays сарапшылары да бұл пікірге қосылады. ОПЕК+ картелінің негізгі мүшелері сәуір айынан бастап мұнай өндіруді бұрын жоспарланған 137 мың баррель/тәулік емес, 206 мың баррель/тәулікке арттыратынын хабарлады.

    Алайда Rystad Energy компаниясының аналитигі Хорхе Леон, 2 наурыздағы сауда ашылған кезде Ирандағы жағдайға байланысты мұнай бағасының өсуін болдырмау үшін өндірісті ұлғайту жеткіліксіз болуы мүмкін деп ескертті.

    «Коммерциялық тасымалдаушылар Ормуз бұғазындағы ракеталық соққы, осы бағыттағы кеме сақтандыру келісімдерінің тоқтатылуы және Парсы шығанағы аймағындағы электрондық сигналдардың үзілуінен қорқып отыр», – деді SPI Asset Management басқарушы серіктесі Стивен Иннес AFP агенттігіне.

    Оның бағалауынша, бұғаздың жабылуы мұнай бағасын эскалацияға дейінгі шамамен 72 доллардан дүйсенбі күні сауда ашылған кезде 120–150 долларға дейін көтеруі мүмкін.

    Басқа сарапшылар Сауд Арабиясы мен БАӘ жерүсті құбырларын бұғазды айналып өту үшін пайдалануға болатынын айтты, бірақ сол жағдайда да нарықта тәулігіне шамамен 8-10 млн баррель тапшылық туындайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →