Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 40 тонналық контейнер өртенді • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • Астанада 40 тонналық контейнер өртенді • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты •

    «Қазақ қыздары — әлемдегі ең мықты әйелдер» — түркиялық блогер

    «Қазақ қыздары — әлемдегі ең мықты әйелдер» — түркиялық блогер

    Қазақстанда тұратын түркиялық блогер өзін қатты толқытқан оқиға туралы айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, кешкі уақытта таксиге мінген кезде жүргізуші орнында отырған әйелді көрген. Оқиға Алматы қаласында болған. Алдыңғы орындықта көрпеге оранып, 10 айлық сәбиі ұйықтап жатқан. Сыртта суық, уақыт шамамен түнгі 22:00 болған.

    Блогер бұл көрініске ерекше әсерленгенін жеткізді. Әйелдің көңіліне тимеу үшін артық сауал қоймай, тек баласының жасын сұраған. Оның пікірінше, аса қажеттілік болмаса, ешбір ана қыстың суығында түн ішінде осындай кішкентай сәбиімен жұмысқа шықпас еді.

    Бұл жағдай блогердің қазақстандық әйелдерге деген көзқарасын өзгерткен. Ол елімізде «ерлердің жұмысы» немесе «әйелдердің жұмысы» деген нақты шекара жоқ екенін, әйелдер ешкімге тәуелді болмау үшін аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.

    «Мен үшін Қазақстан әйелдері – әлемдегі ең мықты әйелдердің бірі», – деді блогер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →