Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті

    «Әңгімені доғарайық!»: Ажырасып кеткен Еркеш Хасен өзін сынағандарға шүйлікті

    «Әңгімені доғарайық!»: Ажырасып кеткен Еркеш Хасен өзін сынағандарға шүйлікті

    Фото: instagram.com

    Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты тараған әңгімелерге байланысты мәлімдеме жасап, қызын қорғап сөз сөйледі. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Өнер иесі ұзақ уақыт бойы ел аузындағы түрлі жаланы үнсіз қабылдап келгенін, алайда бұл жолы кінәсіз баласының аты аталған соң үн қатуға мәжбүр болғанын жазды.

    «Неше уақыттан бері, елдің айтқан өтірік жаласын жұтып келдім. Бірақ, бұл САСЫҚ әңгімеге кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып тұрмын.
    Бір айтарым, мен қызымды ешқашан тастаған емеспін, тастамаймын да!
    Соңғы демім қалғанша, қызыма қамқор боламын.
    Мен камераның алдына барып, отбасыма қатысы жоқ адамға, отбасым жайлы айтып отырмаймын!
    Менің ҚЫЗЫМДЫ да, қызыма деген махаббаттан туған әнімді де, ешкім тартып ала алмайды!» – деп жазды ол.

    Сондай-ақ әнші жеке өмірін ел алдына шығарып, жария талқылауға салуды жөн көрмейтінін атап өтті.

    «Ешкім ажырасамын деп, үйленбейді. “Ұлың болса – ұрыға күлме” дейді.
    Сіздер үйреніп қалған сценарийге сүйенсек, мен бір журналистпен отырып, осыны талқылау керек екенмін. Кешіріңіздер, мен талай жақсы күндерді бірге өткізген адамды, елдің алдында әңгіме қылып отырмаймын.
    Екеуміз арамызда болған нәрсе, әуелі Алла, сосын тек екеумізге мәлім. Осымен әңгімені доғарайық!» – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →