Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Астана – Петропавл» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

    «Астана – Петропавл» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
    2026 жылғы 16 ақпанда Астана – Петропавл тас жолында жол апаты болды. Апат орнынан куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Өңір полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тас жолдың 289-шы шақырымында Lexus және Lada-21705 маркалы автомобильдер соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

    «Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция департаменті жүргізушілерге, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін сақтауды және көлік құралдарының техникалық жай-күйін жіті назарда ұстау қажеттігін еске салады», — деп хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →