Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Жұмыстан кет: Шенеунікке айып тақпас бұрын ІІМ қандай талап қойған?

    Таразда Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен аудандық полиция басшысының ісі қаралып жатыр. Оларға алаяқтық және пара алу айыбы тағылған.

    Жұмыстан кет: Шенеунікке айып тақпас бұрын ІІМ қандай талап қойған?
    file_492.jpg

    Жамбыл облысында полиция департаментінің бұрынғы жоғары лауазымды шенділерінің соты басталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тараз қалалық сотында облыстық полиция департаменті бастығының экс-орынбасары Жайдарбек Құттыбаев пен оның қарамағында болған, Талас аудандық полициясын басқарған Еркен Абаевтың қылмыстық ісі қаралып жатыр.

    Құттыбаевқа «ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша айып тағылса, Абаев «қылмысқа жәрдемдесті» және «пара алды» деп айыпталуда.

    Бұл жемқорлық дауы өткен күзде шыққан еді. Осы оқиғадан кейін облыстық полиция департаментінің сол кездегі бастығы Бақытжан Малыбаев қызметінен кеткен болатын.

    Тергеу басталған кезде Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік қызметі Құттыбаевтан өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды талап еткен. Ол бұл талаптан бас тартқаннан кейін ғана оған алаяқтық бойынша айып тағылған.

    Ал Еркен Абаев біраз уақыт жасырынып жүріп, кейін бұрынғы әріптестеріне өз еркімен берілген. Іс бойынша жәбірленуші ретінде бұрынғы полиция қызметкері Дархан Уәлиев танылды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →