Тоқаев маңызды лауазымға жаңа басшы тағайындады: ол кім?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды.
file_474.jpg
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Садықұлы Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың ресми баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұлттық қорғаныс университеті – Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылық құрамы мен әскери-ғылыми кадрларын даярлайтын еліміздегі жетекші әскери оқу орны.
Жаңа басшының тағайындалуы әскери білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жасалған маңызды қадам болып саналады.
Фото: Әлеуметтік желіден
