Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты

    Қарағанды ауруханасында балалар тағамынан қара қоңыздар шықты

    Қарағанды ауруханасында балалар тағамынан қара қоңыздар шықты

    Фото: видеодан скрин

    Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жоспардан тыс тексеріс басталды. Бүгін онда кішкентай пациенттерге тауық еті қосылған палау берілген. Алайда тағамның ішінен жәндіктер табылған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мәліметтерге сенсек, оқиға балалардың жұқпалы аурулар бөлімінде болған. Тамақ салынған контейнерден қара қоңыздар шыққанын байқаған балалар асты жеуден бас тартты. Ата-аналар аурухана әкімшілігінен түсініктеме талап етіп, сол палауды өздеріне де ұсынып көруді ұсынған.

    Ата-аналардың айтуынша, ауруханада сырттан әкелінетін тағамға қатаң талап қойылады. Енді олар аурухананың өз тамағын жеуге де қорқып отыр.

    Медицина қызметкерлері өз кезегінде ауруханада жеке ас блогы жоқ екенін айтты. Тамақ арнайы компания арқылы жеткізіледі. Бүгін жеткізілген тағам партиясы толықтай ауыстырылған.

    Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Люция Гомельдің айтуынша, жағдай аурухана әкімшілігіне белгілі.

    «Ақпарат түскен бойда жедел түрде қажетті шаралар қабылданды. Жеткізуші компания өкілі дереу шақырылып, тексеріс жүргізілді. Тамақтың бүкіл партиясы ауыстырылды. Қосымша ақпарат тиісті қызметтерге тексеру және шара қабылдау үшін жолданды», – деп пікір білдірді аурухана басшылығы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →