Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↓€ 497,8↓₽ 5,31↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды •

    Дубайдағы жарыс: Қазақстанның арнайы жасағын Мемлекет басшысы құттықтады

    Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 жарысында қазақстандық екі команда 1-ші және 2-ші орынды иеленді. Тоқаев жеңімпаздарды құттықтады.

    Дубайдағы жарыс: Қазақстанның арнайы жасағын Мемлекет басшысы құттықтады
    file_455.jpg

    Қазақстанның арнайы жасақ командалары Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл беделді турнирде «Kazakhstan C» командасы абсолютті чемпион атанса, «Kazakhstan A» командасы жалпы есепте екінші орынды иеленді.

    Жарысқа әлемнің 48 елінен 109 команда қатысып, бақ сынады. Осындай бәсекеде қазақстандық сарбаздар үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік деңгейдегі дайындығын дәлелдеді.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды арнайы құттықтап, олардың жоғары дайындығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби шеберлігін, мықты дене даярлығын және жеңіске деген жігерін жоғары бағалады.

    Сонымен қатар Президент ел намысын абыроймен қорғаған арнайы жасақ жауынгерлеріне лайықты құрмет көрсетілетінін мәлімдеді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →