Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады

    Президент KazLLM жұмысына көңілі толмайтынын айтты

    Президент KazLLM жұмысына көңілі толмайтынын айтты

    Президент KazLLM жұмысына көңілі толмайтынын айтты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыста отандық KazLLM ірі тілдік моделіне қатысты сын айтты. Мемлекет басшысы Жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиевке жүйені қанша адам қолданатынын және оның әлсіз тұстары бар-жоғын тікелей сұрады. Министрдің мәліметінше, KazLLM платформасын шамамен 600 мың адам пайдаланады, бұл – ел халқының 3 пайызына жуық. Ал Президент Қазақстанда ChatGPT қолданушыларының үлесі 13 пайызға жеткенін атап өтті.

    Тоқаевтың сөзінше, мұндай цифрлық өнімдер үнемі жаңартылып отырмаса, жаһандық бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Ол OpenAI, Anthropic секілді алпауыт компаниялар жаңа нұсқаларды тұрақты шығарып, модельдерін үздіксіз жетілдіретінін мысалға келтірді. Сондықтан ұлттық жасанды интеллект жүйелерін де тоқтаусыз оқытып, технологиялық дамуын қамтамасыз ету қажет екенін ескертті.

    Еске салайық, KazLLM – Қазақстанда әзірленген екі ірі тілдік модельдің бірі. Жоба қазақ тілінде жұмыс істейтін ұлттық цифрлық құрал ретінде кеңінен насихатталып жүр.

    Жиын барысында Президент ұлттық мессенджер AITU-дың жағдайын да сұрады. Алдымен министр қосымшаны 700 мыңнан астам адам қолданатынын айтса, кейін көрсеткішті «миллионға жуық» деп нақтылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →