Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қысқы Олимпиада: Надежда Морозова үздік 15 спортшының қатарына енді

    Қысқы Олимпиада: Надежда Морозова үздік 15 спортшының қатарына енді

    Фото: Сали Сабиров / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстарына Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы  Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

    9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.

    Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен — Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақытта мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.

    Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақытта мәреге жетіп, 28-орынға жайғасты.

    Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды — 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды — 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді — 1:13.95.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →