Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты

    Тәңіршілдер жастарды адастырып жүр — Асқар Сабдин (ВИДЕО)

    Тәңіршілдер жастарды адастырып жүр — Асқар Сабдин (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Елімізде қазір тәңіршілдер мен діншілдер арасында тартыс өршіп тұр. Бұл жастардың санасына теріс әсер етіп жатыр. Ал дін мемлекеттен бөлек деген сөзді қарапайым адам тұрмақ, діни мамандар да теріс түсініп келеді. Олардың ойында зайырлы елде — исламға, дінге орын жоқ деген түсінік бар. Бұл мүлдем теріс түсінік. Шындығында мұсылман елдері көп, алайда шариғатпен басқарылатын үш діни мемлекет қана бар. Белгілі дінтанушы Асқар Сабдин қазіргі талас-тартысқа талдау жасады, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    «Діннің басты қағидасы — адамды сендіру, иландыру. Исламдағы радикалдар адамды тамырынан ажыратады. Тарихын жоққа шығарады. Тәңіршілдер де сол радикалдар секілді жастарды адастырады. Екеуі де бір біріне жау, сөйте тұра екеуі ле адамды адастырады. Тәңіршіл сенімде және шамандық ұстанымда қалған түркітілдес ұлттар бар, якуттер, тыва, буряттар секілді ұлттар. Олардың түпкі шығуы бізге ұқсас, кейбір сөздеріміз ұқсас. Олар тәңіршіл сенімде қалды, бірақ ассимиляцияға ұшырап, тілдерінен айырылып барады. Ал ислам дінінде қалған түркітілдес елдер тілін сақтай алды. Біздің де түпкі тамырымыз тәңіршілдікте жатыр, бірақ бергідегі хандардан бастап ислам дінін ұстандық», — деді исламтанушы Асқар Сабдин

    Оның сөзінше, көне түркі тілінде Алла деген сөді Тәңір деп аударған. Екеуін синоним деп қабылдаған. Сондықтан бұл сөздері пайдаланып, діни сенім, нанымды бөліп, тартысқа салу артық.

    «Бізде радикалдарды қойып, кейбір дін қызметкерлері зайырлы деген сөзді мансұқтайды, дұрыс түсіне алмайды. Сауд Арабиясы, Ауғанстан және Иран ислам республикасының конституциясы тікелей дінмен байланысты. Бұл елдер шариғатпен,  дінмен басқарылады. Қалған ислам елдерінің көбінде мемлекет зайырлы, дін бөлек. Ондай мұсылман елдері өте көп. Бірақ зайырлы дегенді кей адамдар дінсіздік жайлаған, исламға орын жоқ деп түсінеді. Бұл теріс ұғым. Зайырлы деген сөздің кемінде төрт моделі бар. Мысалы, Түркия зайырлы, мемлекет діннен бөлек, бірақ имамдар мемлекеттен қаржыландырылады, имамдар мемлекеттік қызметкер саналады. Діни ұйымының жарғысы министрлікпен пара пар, діни теориялық сабақтар мемлекеттен қаржыландырады. Бірақ сөйте тұра мемлекет зайырлы. Сосын Франция,  олда зайырлы, дінді тек жеке тұлғаның сенімі деңгейінде қалдырған, топтасып,  институтционалды деңгейде көтеруге жол жоқ. Қытайда солай. Кеңес кезінде де топтасуға жол берілмеді. Сондықтан зайырлы деген сөзді дұрыс түсіне білу керек», — деді ғалым.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →