Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады •

    Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзі дұрыс болғанын айтты

    Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзі дұрыс болғанын айтты

    Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев сұхбатында дінге қатысты көзқарасын айтып, Ринат Зайытовтың алаяқтық туралы сөзін кейінірек басқаша түсінгенін жеткізді, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Айтыскердің айтуынша, қоғамда дінді көбіне сыртқы белгілермен ғана өлшейтін түсінік бар. Ол бір кездері бұл пікірге қарсы болғанын, алайда кейін өмір тәжірибесі мен көрген жағдайлары көзқарасын өзгерткенін жасырмады.

    «Діндар адам, намазхан екен десе сеніп қаламыз ғой. Кезінде Ринат «намазхандардың» көбісі алаяқтар дегенде қарсы шығып, олай айтпа деп едім. Кейіннен қарасам шынымен біз діннің тек сыртқы келбетін алып алған екенбіз. Сақал қою, намаз оқу. Негізі дін деген ол аманат. Ол адамның ақысын жемеу, уәдеде тұру, қарызыңды қайтару, біреудің аманатын қайтару. Себебі әрбір мұсылманның ары, жаны, малы құрметті. Харам деген сол нәрселерге қол сұғуға рұқсат жоқ деген сөз. Құрметті деген сөз жатыр. Сол нәрселерге мән бермей мынау намаз оқиды ғой деп сеніп қаламыз. Неге көп жағдайда елді алдағанда алаяқтар Алланың атын жамылады. Себебі дінге, Аллаға деген құрметін пайдаланып, елдің аяғын аспаннан келтіреді», — деді айтыскер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →