Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    1300-ден астам көлікті заңсыз тіркеген: ХҚКО қызметкерлері 12 жылға сотталды

    Алматы және Жетісу облыстарындағы мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінен құралған топ жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды.

    1300-ден астам көлікті заңсыз тіркеген: ХҚКО қызметкерлері 12 жылға сотталды
    file_389.jpg

    Алматы және Жетісу облыстарында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл іс бойынша мемлекетке 9 миллиард теңгеден астам шығын келген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Сотталушылардың қатарында екі облыстың мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО), әкімшілік полицияның қызметкерлері мен делдалдарды қосқанда, барлығы 21 адам бар.

    Тергеу деректеріне сәйкес, аталған топ екі кезең бойынша жұмыс істеген. Алғашқысы 2020-2021 жылдары Қарасай ауданындағы мамандандырылған ХҚКО-да болған. Сол уақытта олар 904 жүк көлігін заңсыз рәсімдеп, мемлекетке 5,6 млрд теңге залал келтірген.

    Кейін, 2022-2023 жылдары қылмыстық схема Жетісу облысында жалғасқан. Онда тағы 481 көлік заңсыз тіркеуден өтіп, бюджетке 3,7 млрд теңге шығын әкелген. Олар құжаттарды қолдан жасап, мемлекеттік деректер базасына жалған мәліметтер енгізіп, төлемдерді қағаз жүзінде ғана көрсетіп отырған.

    Сот барлық 21 айыпталушыны кінәлі деп танып, оларға 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →