Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Пәкістанның ең жоғары марапаты Тоқаевқа табысталды: Бұл қандай орден?

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табыс етілді.

    Пәкістанның ең жоғары марапаты Тоқаевқа табысталды: Бұл қандай орден?
    file_379.jpg

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Нишан-и-Пәкістан» ордені табыс етілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Салтанатты рәсім Пәкістан астанасы Исламабадта өтті. Мемлекет басшысын жоғары марапатпен Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифтің өзі құттықтады.

    «Нишан-и-Пәкістан» – ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және екіжақты қарым-қатынасты нығайтқан шетелдік мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлеріне берілетін ең мәртебелі награда.

    Жиынға Пәкістан үкіметінің мүшелері, парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары басшылық құрамы және елдегі дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →