Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↓€ 497,8↓₽ 5,31↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды •

    «Өзге тілді төріме шығармаймын»: Жанар Айжанова тіл мәселесіне қатысты елге үндеу жасады (ФОТО)

    «Өзге тілді төріме шығармаймын»: Жанар Айжанова тіл мәселесіне қатысты елге үндеу жасады (ФОТО)

    Белгілі әнші Жанар Айжанова қоғамда талқыланып жатқан тіл мәселесіне қатысты өз үнін қосып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген қазақтың қызымын. Не істесе де, жолын білетін, ретін білетін, болашағын көретін маманның істегені маңызды.

    Мен әнші ретінде қазақ тілінде ән саламын, дәстүрлі қазақ әнін ұмыттырмауға, жаңғыртуға барымды саламын.

    Мен актриса ретінде тек қазақтілді жобаларға қатысып, қазақша мазмұнды байытуға қосыламын.

    Мен ана ретінде бала-шаға, немере-шөберемді қазақша тәрбиелеймін. Барлық салт-дәстүрді ұстанамын. Отбасымда өзге тілді төрге шығармаймын. 

    Құдай қандай рөл берсе де, сол қызметімді әуелі өзім мен ұрпағым үшін қазақ тілінде жасап жатырмын. Одан артық болмасам, кем болған жоқпын. Сондықтан әркім өзінен бастағаны дұрыс. 

    Дәл қазір арандатуға ат салысуға болмайды. Әркім өз жұмысын білсе, өз жолын тапса, әділдікке қызмет етсе — еліміздің болашағы да жарқын болады», — деп жазды Жанар Айжанова. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →