Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады •

    Жетісу облысында 3 жасар бүлдіршін әкесінің соққысынан кейін хирургия бөліміне бірақ шықты

    Жетісу облысында 3 жасар бүлдіршін әкесінің соққысынан кейін хирургия бөліміне бірақ шықты
    Фото: Видеодан скрин

    Талдықорған қаласында ер адам өзінің туған үш жасар қызын аяусыз ұрып-cоғып, ауруханадан бірақ шығарды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, 38 жастағы ер адам отбасында жанжал шығарып, 30 жастағы жұбайын және кәмелетке толмаған қызын аса қатыгездікпен соққылаған. Оқиға кезінде отбасындағы екінші бала, яғни екі жастағы ұл зардап шекпеген. Қазіргі уақытта екі бүлдіршен де анасымен бірге дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

    Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш жасар қыз ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап, қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетіліп жатқанын хабарлады. Балаға әрі қарай емдеу жүргізіліп, динамикалық бақылау жасалуда.

    Оқиғаға байланысты әйелін және кәмелетке толмаған қызын ұрды деген күдікпен ер адам ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Құқық қорғау органдары отбасындағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтап, заң аясында тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →