Мельбурн королі тағынан тайды: 22 жастағы Алькарас Джоковичті жеңіп, тарих жазды

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда турнирдің 10 дүркін чемпионы Новак Джоковичті төрт сетте ұтып, теннис тарихында жаңа белесті бағындырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мельбурнде өткен маусымның алғашқы «Үлкен Дулыға» турнирінің финалдық кездесуі аса тартысты өтті. Бірінші сетте Джокович 6:2 есебімен басым түскенімен, Алькарас ойын тізгінін өз қолына алып, келесі үш партияда 6:2, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс 22 жастағы Карлос Алькарас үшін тарихи маңызға ие болды. Ол Аустралиядағы алғашқы титулына қол жеткізіп, «Карьералық Дулығаны», яғни барлық төрт ірі турнирді (US Open, Wimbledon, Roland Garros, Australian Open) жеңіп алған тарихтағы ең жас теннисші атанды. Жалпы, бұл оның мансабындағы жетінші «Үлкен Дулыға» титулы.

Ал аты аңызға айналған сербиялық Новак Джокович үшін бұл Мельбурн финалындағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін ол Australian Open турнирінің 10 финалына шығып, барлығында жеңімпаз атанған еді. Осылайша, оның 24 «Үлкен Дулыға» титулы бар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика