Басты бет » Өскеменде қауіпті смог: Мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

Өскеменде қауіпті смог: Мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

file_316.jpg

Өскеменде ауа сапасының күрт нашарлауына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

30 қаңтарда қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты бірінші және екінші ауысымдағы барлық оқушы үшін сабақтар онлайн режимде өтетін болды.

«Қазгидромет» РМК таратқан ресми мәлімет бойынша, қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп болжанады. Бұған дейін мамандар ауа құрамынан көміртек тотығы мен күкіртті сутектің шекті мөлшерден асып кеткенін тіркеген.

Қала тұрғындарының өздері де әлеуметтік желілерде қаланы басқан қою түтін мен ауа сапасының нашарлағанына шағымданып, алаңдаушылық білдіруде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика