Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады • 12 адам эвакуацияланған: Талдықорғанда өрт шықты • Айсәуле Бақытбек қазақ сыныбында оқығанын еске алды • «Қайта ораламын»: Ақан Сатаев Атырауда ауруханаға түсіп қалды • Қарағандыда бес жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлаған • Ресей хоккей федерациясы IIHF-тен бойкот жариялаған федерацияларды жазалауды талап етті • Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады • 12 адам эвакуацияланған: Талдықорғанда өрт шықты • Айсәуле Бақытбек қазақ сыныбында оқығанын еске алды • «Қайта ораламын»: Ақан Сатаев Атырауда ауруханаға түсіп қалды • Қарағандыда бес жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлаған • Ресей хоккей федерациясы IIHF-тен бойкот жариялаған федерацияларды жазалауды талап етті •

    Бір адам қаза тапты: Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апаты болды

    Бір адам қаза тапты: Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апаты болды
    Фото: Lada.kz

    Қарақия ауданындағы Өзен кен орны аумағында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді , деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 26 қаңтар күні шамамен сағат 19:00-де Өзен кен орны аумағында Mitsubishi L-200 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан.

    Салдарынан жол талғамайтын көлікте отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

    Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (жол қозғалысы қағидаларын немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу) қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі деп танылған жағдайда оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

    Көлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →