Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады • 12 адам эвакуацияланған: Талдықорғанда өрт шықты • Айсәуле Бақытбек қазақ сыныбында оқығанын еске алды • «Қайта ораламын»: Ақан Сатаев Атырауда ауруханаға түсіп қалды • Қарағандыда бес жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлаған • Ресей хоккей федерациясы IIHF-тен бойкот жариялаған федерацияларды жазалауды талап етті • Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады • 12 адам эвакуацияланған: Талдықорғанда өрт шықты • Айсәуле Бақытбек қазақ сыныбында оқығанын еске алды • «Қайта ораламын»: Ақан Сатаев Атырауда ауруханаға түсіп қалды • Қарағандыда бес жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлаған • Ресей хоккей федерациясы IIHF-тен бойкот жариялаған федерацияларды жазалауды талап етті •

    «Бақұл бол, білікті дәрігер… »: Жаңаөзенде қаза тапқан жас маманға әріптестері жоқтау жазды

    «Бақұл бол, білікті дәрігер… »: Жаңаөзенде қаза тапқан жас маманға әріптестері жоқтау жазды

    Жаңаөзен қаласында пышақ жарақатынан қаза тапқан 29 жастағы дәрігерге қатысты әріптестері жүрек тебірентерлік жазба жариялады деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Марқұм Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында қызмет атқарған. Әріптестері оны білікті маман, жауапкершілігі жоғары дәрігер әрі адамгершілігі мол азамат ретінде еске алды.

    «Орны толмас қаза. Әріптесіміз Аманғалиев Нұрдәулет Құрманғазыұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл бол, білікті дәрігер, жаны жайсаң жолдас, қайсар азамат», – делінген аурухана ұжымы таратқан жазбада.

    Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Жаңаөзенде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық себептерге байланысты туындаған. Жанжал барысында 29 жастағы дәрігерге пышақпен шабуыл жасалған.

    Оқиғадан кейін күдікті құқық қорғау органдарына өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →