Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

    Биволдың әйелі қазақтарды қорлады: Сот оны 60 сағат жұмысқа жекті

    Санкт-Петербург соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін қазақтар мен қырғыздарды қорлағаны үшін 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа кесті.

    Биволдың әйелі қазақтарды қорлады: Сот оны 60 сағат жұмысқа жекті
    file_301.jpg

    Санкт-Петербургте танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты сот үкімі шықты. Ол қазақтар мен қырғыздардың намысына тиетін видео жариялағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Дауға себеп болған видео 22 қазанда әлеуметтік желіде тараған. Оны полиция қызметкерлері интернетке мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Сот материалдарында видеода ұлттық белгілерге байланысты кемсітушілік сипаттағы сөздер айтылғаны көрсетілген.

    «Аталған видеожазбадағы мәтінде бір топтың екіншісінен табиғи (генетикалық) белгісі бойынша артықшылығы туралы айтылған», — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Нәтижесінде Ленин аудандық соты Екатерина Биволды ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 60 сағаттық міндетті жұмыс жазасын тағайындады.

    Айта кетейік, бұған дейін Екатерина Биволға Қазақстан мен Қырғызстанда іздеу жарияланған болатын.

    Фото: instagram.com/bivol_kate

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →