Түркістан облысы Тілектес ауылының 53 жастағы тұрғыны Асан Өтеев екі аптадан бері табылмай жатыр. Ол үйінен шығып, сол күйі қайта оралмаған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Жақындарының айтуынша, олар жақын маңдағы барлық сай-сала мен тау-тасты тінтіп шыққан, бірақ әзірге ешқандай нәтиже болмаған. Жоғалған азаматтың отбасымен ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұрып келгені белгілі болды.
«Оның есту қабілеті сәл нашар еді. Сол себепті қатты алаңдап отырмыз», — дейді туыстары.
Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тәртіп сақшылары жұмылдырылған. Полиция барлық бағыт бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Егер сіз суреттегі Асан Өтеевті көрген болсаңыз немесе оның қайда екенін білсеңіз, мына нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: 8-776-692-39-39. Кез келген ақпарат оның аман-есен табылуына көмектесуі мүмкін.
Фото: Жеке мұрағаттан
