Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды • Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды • Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді • Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды • Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды • Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді • Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады •

    Щучинсктегі жағдай ушықты: Әскери колледжде 71 кадеттің жағдайы қалай, облыстық ДСБ түсінік берді

    Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде қызылша өршіді. 71 кадет ауру жұқтырып, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

    Щучинсктегі жағдай ушықты: Әскери колледжде 71 кадеттің жағдайы қалай, облыстық ДСБ түсінік берді
    file_277.jpg

    Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде қызылша өршіп, 71 кадет ауру жұқтырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта екі жасөспірім облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қарқынды терапия палатасында жатыр. Қалғандары инфекциялық аурулар орталығында ем қабылдауда.

    «24 пациенттен қызылша зертханалық түрде расталды. Қалғандарына диагноз нақтыланғанға дейін ЖРВИ-ді емдеу стандарттары бойынша терапия жасалып жатыр», — деді ведомство басшысы Нариман Ермек.

    Оқу орнының госпиталінде арнайы карантин блогы ашылып, ауру жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы сол жерге оқшауланды. Бүгінде колледж толығымен эпидемиологиялық режимге көшірілген.

    Жақында ғана үш кадет жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Қазір олардың жағдайы тұрақтанды: екеуі қарқынды терапия палатасына, біреуі жалпы бөлімге ауыстырылды.

    Басқарма өкілдері барлық науқасқа қажетті көмек көрсетіліп жатқанын және жағдай бақылауда екенін жеткізді. Дегенмен, қызылша індеті толық ауыздықталды деп айтуға әлі ерте.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →