Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды • Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды • Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді • Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды • Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды • Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді • Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады •

    Оқу жылының ортасында күнделік ауысты: Министр әкімдіктерге жауапкершілік жүктеді

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқу жылының ортасында электронды күнделікті ауыстыруды сынға алып, бұл шешімді жергілікті орган қабылдағанын айтты.

    Оқу жылының ортасында күнделік ауысты: Министр әкімдіктерге жауапкершілік жүктеді
    file_261.jpg

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қазақстандық мектептерде оқу жылының ортасында электронды күнделікті ауыстыруға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мәселенің мәнісі, үшінші тоқсанның алғашқы күні, яғни 8 қаңтарда Алматы қаласының білім басқармасы қаладағы мектептердің Kundelik платформасынан BilimClass жүйесіне көшкенін хабарлаған. Министрдің айтуынша, ведомство қысқы демалыс кезінде әкімдіктерге оқу жылының соңына дейін LMS (оқытуды басқару жүйесі) жүйелерін ауыстырмау туралы ұсыныс жолдаған. Алайда, түпкілікті шешімді жергілікті атқарушы органдар өздері қабылдайды.

    «Оқу жылының ішінде, оның ортасында мұндай қолайсыздықтар туындамауы керек. Егер қыркүйекте оқу процесі бір LMS-жүйемен басталса, әрине, оқу жылын сол жүйемен аяқтаған дұрыс болар еді. Бірақ бұл шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдағанын және жауапкершілік те солардың мойнында екенін тағы да қайталап айтқым келеді», — деді Сүлейменова Үкіметте өткен брифингте.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →