Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады Италияда дауылдан 43 адам жараланды Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады Италияда дауылдан 43 адам жараланды Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

    GM: Гибридті көліктер кәдімгі көліктен де зиянды болып шықты

    General Motors зерттеуіне сәйкес, гибридті көлік иелері көлігін қуаттамағандықтан, олар экологияға кәдімгі көліктен де көп зиян келтіреді.

    GM: Гибридті көліктер кәдімгі көліктен де зиянды болып шықты

    General Motors (GM) компаниясының бас директоры Мэри Барра гибридті көліктердің экологияға іштен жану қозғалтқышы (ІЖҚ) бар қарапайым машиналардан да көп зиян келтіретінін мәлімдеді. Компания мамандарының зерттеуіне сәйкес, гибрид иелерінің басым бөлігі көлігін желіден қуаттамайтын болып шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Желіден қуатталатын гибридтерге әдетте қуаты аз қозғалтқыш орнатылады. Өйткені мұндай көліктер сапардың шамамен 84%-ын тек электр қуатымен жүреді, ал ІЖҚ ұзақ жолда генератор ретінде қосымша рөл атқарады деп есептелген.

    Алайда соңғы зерттеулер гибрид иелерінің тек 27%-ы ғана көлігін үнемі қуаттайтынын көрсетті. Ал 76%-ы сымдармен әуреленгісі келмей, ұзақ уақыт жұмсамай, ІЖҚ-мен жүргенді жөн көреді.

    Салдарынан гибридтің әлсіз қозғалтқышына орасан зор салмақ түседі: ауыр көлікті сүйреуі керек, әрі тартқыш батареяны да қуаттауға мәжбүр. Осыған байланысты жанармай шығыны кәдімгі көліктермен бірдей деңгейге жетіп, экологияға келтіретін зияны тіпті арта түседі. Соған қарамастан, гибридті модельдер әдеттегі ІЖҚ-сы бар көліктерден әлдеқайда қымбат тұрады.

    «Естеріңізде ме, бізді 2030 жылға қарай ІЖҚ-мен жүретін көліктер шығарылмайды деп қорқытқан еді? Айтпақшы, электр көлігі мен экологияны жақтайтындар электр энергиясының негізінен көмірден өндірілетінін біле ме екен?» — делінген сарапшылар пікірінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →