Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында Премьер-министрдің сарабдал саясатының нәтижесінде Үндістанның экономикасы тұрақты дамып, халқының әл-ауқаты артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Тоқаев Үндістанның сенімді қадаммен алға жылжып, азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуда зор табысқа жеткеніне назар аударды.
«Сіздің мемлекеттік қызметіңізге толағай табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тілеймін», – делінген Ақорда таратқан жеделхат мәтінінде.
Қазақстан мен Үндістан – стратегиялық серіктес елдер. Екі мемлекет арасындағы саяси-экономикалық байланыстар жыл сайын нығайып келеді.
Фото: Әлеуметтік желіден
