Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды • Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды • Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды • Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды • Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді •

    «240 миллион теңге кредитіңді жауып береміз»: Астанадағы алаяқтар 9 жылға сотталды

    Астанада "несиеңді жауып береміз" деп мүгедектер мен табысы аз адамдарды алдаған қылмыстық топ сотталды. Келтірілген шығын – 240 млн теңге.

    «240 миллион теңге кредитіңді жауып береміз»: Астанадағы алаяқтар 9 жылға сотталды
    file_246.jpg

    Астанада тұтынушылық және автокредит саласында алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Олар жәбірленушілерге 240 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қылмыскерлер жұртты бұрынғы несиелерін өтеуге көмектесеміз деп сендірген. Оның орнына оларға жаңа қарыз, соның ішінде көлік несиесін рәсімдеуге көндіріп, ай сайынғы төлемдерді өздері жабатынына уәде берген. Алаяқтардың құрбандары негізінен мүгедектігі бар және табысы төмен азаматтар болған.

    «Алаяқтар уәделерін орындамаған, ал жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты», — делінген елордалық прокуратура хабарламасында.

    Сот үкімімен қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайластары 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →