Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді •

    Қазақстанның солтүстігін -35°С аяз қариды: Синоптиктер ескерту жасады

    Синоптиктер 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде қар мен боран күтіледі, солтүстікте аяз -35°С дейін жетеді.

    Қазақстанның солтүстігін -35°С аяз қариды: Синоптиктер ескерту жасады
    file_203.jpg

    23 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал солтүстік өңірлерде қақаған аяз сақталады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    «Қазгидромет» РМК мамандары республика аумағындағы алдағы тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстігінде қатты аяз болады.

    Атап айтқанда, Петропавлда түнде сынап бағанасы -33…-35°С, күндіз -26…-28°С көрсетеді. Қостанайда түнде -32…-34°С, күндіз -27…-29°С аяз болса, Көкшетауда түнде -30…-32°С, күндіз -25…-27°С суық болады.

    Елордада күн бұлтты, қар жауады. Ауа температурасы түнде -24…-26°С, күндіз -19…-21°С аралығында болады. Желдің жылдамдығы – секундына 9-14 метр.

    Алматыда да қар жауады, ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз -1…-3°С болады. Желдің екпіні – 3-8 м/с.

    Шымкентте қар жауып, қатты жел тұрады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз -3…-5°С.

    Еліміздің басқа қалаларындағы ауа райы:

    • Ақтау: жауын-шашынсыз, түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C.
    • Ақтөбе: қар, түнде -19…-21°C, күндіз -14…-16°C.
    • Атырау: жауын-шашынсыз, түнде -8…-10°C, күндіз -5…-7°C.
    • Жезқазған: жауын-шашынсыз, түнде -16…-18°C, күндіз -9…-11°C.
    • Қарағанды: қар, түнде -16…-18°C, күндіз -11…-13°C.
    • Қонаев: қар, түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C.
    • Қызылорда: жауын-шашынсыз, түнде -12…-14°C, күндіз -4…-6°C.
    • Павлодар: қар, түнде -25…-27°C, күндіз -17…-19°C.
    • Семей: қар, түнде -18…-20°C, күндіз -13…-15°C.
    • Талдықорған: қар, түнде -10…-12°C, күндіз -4…-6°C.
    • Тараз: жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейіп, екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде -7…-9°C, күндіз -2…-4°C.
    • Түркістан: қар, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.
    • Орал: жауын-шашынсыз, түнде -18…-20°C, күндіз -13…-15°C.
    • Өскемен: қар, түнде -19…-21°C, күндіз -11…-13°C.

    Фото: Depositphotos.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →