Трамп Зеленскиймен кездесуден соң: «Соғыс аяқталуы керек» деп кесіп айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский жабық есік жағдайында кездесу өткізді. Трамп кездесуді «өте жақсы» деп бағалап, Ресейге қатысты негізгі талабын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Екі ел көшбасшыларының келіссөзі шамамен бір сағатқа созылған. Зеленскийдің өкілі Сергей Никифоровтың айтуынша, кездесу соңында президенттер оңаша сөйлесуге де уақыт тапқан.

Келіссөзден кейін журналистерге пікір білдірген Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге жолдайтын басты үндеуін жеткізді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ басшысы нақты талап қойған.

«Соғыс аяқталуы керек», — деді АҚШ президенті.

Украина тарапы да келіссөзге оң баға берген. Президент Зеленскийдің кеңесшісі Дмитрий Литвин келіссөздің нәтижелі өткенін атап өтті.

Фото: Getty images

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика