Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы жастарына өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе қалыптастырып жатырмыз — Азамат Асқар • Тоқаев АҚШ бойынша арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады • Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасындағы қайғылы жағдайды хабарлады • Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды • «Көрген-көрмегенімді ұмытып қаламын»: Мақпал Жүнісованың қарт анасы туған күнінде сөз сөйледі • Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді • Алматы жастарына өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе қалыптастырып жатырмыз — Азамат Асқар • Тоқаев АҚШ бойынша арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады • Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасындағы қайғылы жағдайды хабарлады • Ақтөбеде кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды • «Көрген-көрмегенімді ұмытып қаламын»: Мақпал Жүнісованың қарт анасы туған күнінде сөз сөйледі • Тоқаев Ресей Жоғарғы соты төрағасын қабылдады: сот саласындағы ынтымақтастық кеңейеді •

    Трамптың ұшағынан ақау анықталып, Давосқа жете алмады

    Трамптың ұшағынан ақау анықталып, Давосқа жете алмады

    Фото: aeroflap.com.br
    Сол себепті, «Нөмір бірінші борт» ұшағы Давосқа ұшқаннан соң небәрі бір сағаттан аз уақытта кері бұрып, Мэрилендке оралған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат поталы. 

    Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт ұшақта «болмашы ақау» тіркелгенін растады.

    Эндрюс бірлескен базасынан ұшып шыққаннан кейін экипаж «болмашы электр ақауы» анықтағанын және сақтық шарасы ретінде ұшақты кері бұрып, базаға оралуды шешкенін мәлім еткен.

    Air Force One ұшағы базаға шығыс уақытымен сағат 23:07-де қонған.

    Тілшілердің сөзінше, ұшақтағы баспасөзге арналған кабинадағы шамдар шамалы уақытқа сөнген, десе де оқиғаға ешқандай түсініктеме берілмеді.

    Содан соң президент әдетте ішкі сапарлар үшін пайдаланатын АҚШ әскери-әуе күштерінің жаңа C-32 ұшағына (модификацияланған Boeing 757) отырған.

    Дональд Трамп Давосқа Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін бара жатқан еді. Ол форумда сәрсенбі күні шығыс уақытымен таңғы сағат 8:30 шамасында сөз сөйлеуі керек. Сол себепті, оның сөз сөйлеуі кейінге қалдырылуы да ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →