Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады •

    Отбасы банк: Пәтерде үлесі барлар енді баспана кезегінен шығарылмайды

    Қазақстанда ақпан айынан бастап жаңа ереже күшіне енеді. Енді пәтерде үлесі бар азаматтар баспана кезегінен шығарылмай, ипотека ала алады.

    Отбасы банк: Пәтерде үлесі барлар енді баспана кезегінен шығарылмайды
    file_171.jpg

    Қазақстанда баспана кезегінде тұрғандар үшін маңызды жаңалық жарияланды. Енді жылжымайтын мүлікте үлесі бар азаматтар мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан шеттетілмейді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    «Отбасы банк» ақпан айынан бастап баспана кезегінде тұрғандарға қатысты жаңа ережелер күшіне енетінін мәлімдеді. Бұған дейін азаматтың меншігінде пәтердің немесе үйдің шағын ғана үлесі болса да, бұл оны кезектен шығаруға негіз болып келген.

    «Енді үлестік меншігі бар азаматтар мемлекеттен жеңілдетілген ипотекаға немесе жалдамалы баспанаға үміткер бола алады», – деп түсіндірді банк өкілдері.

    Бұл өзгеріс көптен бері заңнамалық деңгейде реттелмей келген мәселені шешіп отыр. Банктің хабарлауынша, азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштен кейін үлестік меншігі бар кезектегілерді ескеру туралы шешім қабылданған.

    Жаңа ереже мыңдаған қазақстандыққа баспаналы болуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →