Түркістан облысында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апаты болды. Қазығұрт – Жібек жолы тасжолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Kia және Haval көліктерінің қатысуымен болған.
«Алдын ала болжам бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Haval көлігімен соқтығысқан», — делінген ресми хабарламада.
Апат салдарынан үш адам оқиға орнында жан тапсырды. Сонымен қатар, тағы бірнеше зардап шегуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.
Фото: Әлеуметтік желіден
