Тоқаев: «Мемлекеттік ұстанымға сай келмейтін көзқарас үшін қудалауға болмайды»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев неке институты мен моральдық ұстанымдарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы ер мен әйелдің одағы ретіндегі некені заңмен нығайтуды ұсынды, бірақ сонымен бірге басқа көзқарастағы адамдарды қудалауға жол берілмейтінін қадап айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл пікірін Президент Қызылорда да өткен V Ұлттық құрылтай отырысында білдірді. Ол қоғамдағы неке институтының маңызына тоқталып, оның ерікті одақ екенін атап өтті.

«Біздің қоғамда неке институтын ер мен әйелдің мемлекеттік мекемеде ресми тіркелген ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан нығайту керек. Бірақ сонымен бірге мораль мәселелері бойынша ресми мемлекеттік ұстанымға сәйкес келмейтін көзқарасы үшін қылмыстық қудалауға, моральдық кемсітуге еш жағдайда жол беруге болмайды», — деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев мемлекеттің ұстанымын бір формулаға сыйғызуға болатынын жеткізді: әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім басқаларға таңуға құқылы емес.

Мемлекет басшысы елдің барлық азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен намысын табанды түрде қорғайтынын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика